+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

8 тамыз: Туған күн иелері

2020 жылғы 8 тамыз 08:10
Бөлісіңіз:
8 тамыз: Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 8 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
21 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі Теннис: Рыбакина мен Зарина Дияс Франциядағы Страсбург турнирінде ойнайды Қазақстандық Артем Резников танымал шешен спортшысын жеңді

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1960) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рәшит Ахметұлы ӘБДІРАЗАҚОВ дүниеге келген.

Алматы Сәулет-құрылыс институтын бітірген (1982). Еңбек жолы: Жамбыл металл құрылымдар зауытында инженер-конструктор; Ангрен картон комбинатының құрылысына қатысқан; «Астанаэнергосервис», «Ғаламдық технологиялар» ЖШС, «НТЦ Новые проекты» ЖШС, «Қазавиализинг» АҚ-да түрлі лауазымдар атқарған; Ұлттық ғарыш орталығының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, күрделі құрылыс департаментінің директоры, жобалау кеңсесінің басшысы, құрылыс және пайдалану жөніндегі вице-президенті (2009-2014); «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» «Ғалам» ЖШС еншілес кәсіпорнының «Ғарыш техникаларының арнаулы конструкторлық бюросы» жобасының менеджері (2014-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы ақпанда кірісті.

57 жыл бұрын (1963) Атырау қаласының әкімі Қайрат Құлымұлы ОРАЗБАЕВ дүниеге келді.

Атырау облысында туған. 1987 жылы Қазан қаласының химия-технология институтын «мұнай өңдеудің химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы Мұнай-газ бизнесі институтын «мұнай-газ бизнесі менеджері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1979-1987 жж. – «Маңғышлақ- мұнайбарлау» кешенді экспедициясында оператор болып бастады. Кейіннен Мұнай өндіру басқармасында слесарь, В.И.Ленин атындағы Гурьев МӨЗ-інің № 3 цехында оператор. 1987-1996 жж. – № 1 цехтың алкилация қондырғысының бастығы, № 4 цехтың бастығы, эстакада бастығы, № 4 цех бастығының орынбасары, цех бастығы. 1996 ж. – «Лукойл АМӨЗ» АОЗТ Бас директоры. 1996-1997 жж.– Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі аппаратының Өндірісті дамыту бас басқармасы бастығының орынбасары. 1997-2001 жж. – «ҚазақОйл» ҰК-да Техникалық саясат департаментінің жетекші маманы. 2001-2007 гг. – «АМӨЗ» ААҚ салынып жатқан кәсіпорнының директоры - Дамыту жөніндегі Вице-президенті. «АМӨЗ» ЖШС күрделі құрылыс және дамыту жөніндегі директоры 2007-2012 жж. – өндірістік-техникалық және құрылыс қызметтерін басқарып – Бас директордың бірінші орынбасары – бас инженер, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Маркетингтік анализдеу департаментінің директоры, мұнай өңдеу және мұнай-химия дамыту жөніндегі директордың орынбасары. 2012-2013 жж. – «АМӨЗ» ЖШС-нің Дамыту жөніндегі Бас директордың орынбасары, Бас директордың дамыту және модернизация жөніндегі бірінші орынбасары. 2013-2016 жж. – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бас директоры. 2018-2020 жж. - «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Қазіргі қызметінде - 2020 жылдың қаңтарынан бастап.

54 жыл бұрын (1966) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бауыржан Мейрамбекұлы САРТБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, КИМЭП бітірген.

2000–2002 жж. ҚР Қаржы министрлігінің «Оңалту қоры» РМК заң басқармасының бастығы болды. 2000–2002 жж. — ҚР Білім министрлігінің «Қаржы орталығы» ММ директорының орынбасары. 2003–2006 жж. — «Қазастықтранс» еншілес компаниясының басқарма төрағасы. 2006–2007 жж. — Ұлыбританиядағы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ өкілдігінің директоры. 2008–2012 жж. — «Номад» ЖШС директорының орынбасары. 2012–2013 жж. — «Сарыарқа» кешенді даму орталығы» мемлекеттік қоры директорының орынбасары. 2013–2015 жж. — ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары. 2015-2018 жж. - ҚР ПІБ РМК директоры. 2018-2019 жж. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі лауазымында болды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың шілде айынан бастап.

43 жыл бұрын (1977) «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры Данара Қизатқызы ӘЛІМБАЕВА дүниеге келді.

«Метеорология» және «қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі, сондай-ақ «қолданбалы экология» бағыты бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қазгидромет» РМК-да техник-метеоролог лауазымынан бастады.
2003-2009 жж. инженер-метеоролог, 1 санатты инженер-метеоролог, жетекші инженер метеоролог, Метеорология басқармасының басшысы болды.
2011-2015 жж. Метеорология департаментінің директоры.
2015-2017 жж. Экологиялық мониторинг департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарды.
2017-2020 жж. «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың наурыз айынан бері.

43 жыл бұрын (1977) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқарма төрағасы Әсемгүл Серікқызы БАЛТАШЕВА дүниеге келді.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «бухгалтер-аудитор» мамандығы бойынша бітірген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «экономика-құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1997-2011 жж. – Павлодар облысының «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялар дирекциясында әр түрлі қызмет атқарған. 2011-2015 жж. – «ХҚО» РМК-ның «ХҚО» жұмысын автоматтандыру және ұйымдастыру жөніндегі бас директорының орынбасары, «ХҚО» РМК-ның Павлодар облысы филиалының директоры. 2015-2017 жж. – ҚР инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК бас директоры. 2017 жылдың мамыры – 2019 жылдың сәуірі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың 6 сәуірінен.

Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT