+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

8 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 8 тамыз 07:00
Бөлісіңіз:
8 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 8 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық ғалым Григориан күнтізбесінің орнын басатын тұрақты күнтізбе жариялады 14 қыркүйек. Туған күн иелері 14 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық альпинистер күні

1786 жылы дәл осы күні Альпі шыңы бағындырылды. Швейцариялық дәрігер Мишель-Габриэль Паккард (Michel Gabriel Paccard, 1757-1827) пен тау серігі Жак Бальма (Jacques Balmat, 1762-1834) 1786 жылдың 8 тамызында ең бірінші болып теңіз деңгейінен 4810 метр биіктіктегі Альпі тауының ең жоғарғы нүктесі - Монблан шыңына шықты.

Халықаралық офтальмология күні

Көрнекті офтальмолог әрі көз микрохирургы Святослав Федоровтың құрметіне бекітілген. Ол СССР-да алғаш рет жасанды көз бұршағын қою отасын сәтті жасаған, әлемде алғаш рет глаукоманы ерте кезеңде емдеу отасын жасаған, радиалды кератотомияны енгізумен айналысты, көз жанарын лазермен қалпына келтірудің енгізілуіне елеулі үлес қосты.

Дүниежүзілік мысықтар күні

Аталмыш күн жыл сайын Халықаралық «Animal Welfare» жануарларды қорғау қорының бастамасымен ұйымдастырылады. Мақсаты көпшіліктің сүйікті үй жануарын ұлықтау ғана емес, сондай-ақ, бұралқы мысықтар мәселесіне көпшілік назарын аударту болды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1998 жылы Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің бас алаңында қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың мүсіні салтанатты жағдайда ашылды. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов - ғалым, тарихшы, публицист, ориенталист, фольклоршы, әдебиет зерттеушісі, этнограф, саяхатшы-географ, демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Абылай ханның шөбересі.

2000 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана қаласының шекараларын өзгерту туралы» Жарлығына қол қойды, оған сәйкес қалалық жердің жалпы ауданы 45195 гектарға артты.

2002 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2011 жылы Лос-Анджелесте «Қазақстан: суреттер құбылысы» мәдениет және кино фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шара әлемдік киноиндустрия саласының көшбасшыларына Қазақстанның бай мәдениеті мен кинематографиялық өнерін көрсетуге зор мүмкіндік туғызды.

2012 жылы алғаш рет Қостанай облысының тұрғыны Жәнібек Оспановқа жүрек ауыстыру операциясы жасалды. Оған ми қызметі тоқтап, қаза тапқан Галина Воротникова донор болды. Донордың ұлы Игорь жүректі ауыстыруға рұқсат берді. Отаны белгілі хирург Юрий Пя жасады. Қостанайлық Жәнібектің жүрегін ауыстырса, қарағандылық Евгенийге әйел адамның бүйрегі салынды.

2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының (МЖЗҚ) базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында да жеке жинақтаушы шоттар жүйесі сақталды.

2013 жылы Қазанда қазақтың классик ақыны Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағы татар тілінде жарыққа шықты. Оны белгілі Татарстан ақыны, ТР еңбек сіңірген қайраткері, Ғ. Тоқай атындағы сыйлықтың иегері Радиф Гаташ аударған. Татарстан Жазушылар одағы басып шығарған жинаққа, сондай-ақ ақын Нури Арслановтың, Мударис Аглямның және Флера Тарханованың аудармалары да енген.

2014 жылы көкшетаулық ақын Вера Гиоргадзе Ресейдің Жазушылар одағы мен Император үйі бірлесіп тағайындаған «Наследие-2014» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Жеңімпаздарды марапаттау жақында Мәскеудегі Әдебиетшілер үйінің үлкен залында өтті.

Ол Император үйі басшысының қол таңбасы қойылған естелік диплом мен лазуриттен жасалынған алтын қауырсын естелік мүсінін алды.

2014 жылы Қазақстан жастар ақпарат қызметі Шымкент қаласында ишарат тілін меңгеру бойынша арнайы курстар ашты. «Қол ұстасу» деп аталған жоба есту қабілеті нашар жас адамдарға қоғаммен араласуға көмектесуге арналған. Бұл курстар тегін, оларға жасына, есту қабілетінің нашар немесе жақсы болғанына қарамастан, ниет білдірген барлық адамдар қатыса алады.

2017 жылы Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ағыл. International Civil Aviation Organization – ICAO) Кеңесінің президенті атынан арнайы марапатқа ие болды.

2017 жылы Ресей Федерациясында ақын Сара Тастанбекқызы бейнеленген картиналар Қазақстанға сыйға тартылды. Картиналарды Мәскеу тұрғыны Гелия Тимофеева табыс етті. Ол Сара Тастанбекқызының бейнесінің жалғыз авторы болған анасы Вещенко Маргарита Маркиановнаның өсиетін орындады.

2017 жылы танымал National Geographic телеарнасы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің басты нысаны – «Нұр Әлем» павильоны жайында деректі фильм түсірді. Онда 40 градус аязға дейін шыдайтын елорданың ірі нысандарының тұрғызылу барысы, жаңа вокзал мен әуежайдың салынуы, инфрақұрылымдық жағдайы мен. Фильмнің басым бөлігінде ЭКСПО-ның сфералық ғимараты - «Нұр Әлем» жайында айтылады. Ол - әлемдегі ең ірі әйнек шар тәрізді павильон.

2017 жылы Филиппинде бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты қорытындыланды. Онда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Қазақстан құрамасы алты алтын, екі күміс және екі қола медаль еншіледі.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Түркия Республикасын, Әзербайжан Республикасын және Қырғыз Республикасын туристерге арналған «Жібек жолы» визасын енгізуге қосылуға шақырды. Ол Шенген визасы сияқты, бірақ тек туристерге ғана арналған виза болмақ.

2018 жылы ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп, қажылық сапарын ұйымдастыру және бақылау үшін қажы миссиясын құрды. Ол 14 адамнан: ҚМДБ-нің жеті өкілінен, үш БАҚ өкілінен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің екі қызметкерінен, ҚР ҚДМ екі қызметкерінен құралды.

2019 жылы Қостанайда балалар мен жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсетудің Қазақстандағы алғашқы аймақтық орталығы ашылды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT