8-сынып оқушысының жүктілігіне қатысты Жетісу облысының аудан әкімдігі түсінік берді

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысы Панфилов ауданының әкімдігі жүкті болып қалған 8-сынып оқушысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лесновка ауылындағы мектеп оқушысының жүктілігі туралы ақпаратты Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

«Жігіт отбасылы. 1999 жылы туған. Әскери қызметші. Қамауға алынды. Ал оқушы қыз 2008 жылы туған, 8-сыныпта оқиды. Олар осы жазда әлеуметтік желі арқылы танысқан. Екеуінің арасындағы жағдай өз қалауымен болған. Оқушы қыз жүкті. Қазір білім бөлімі тарапынан баланың өзімен, ата-анасымен психологиялық тұрғыда жұмыстар жүргізіп жатыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Нұрбол Қанағатұлы.

Ведомство өкілінің сөзінше, қыз бала толық отбасында тәрбиеленуде. Бірақ отбасының әлеуметтік санаты – аз қамтылған.


Фото: shutterstock.com



Соңғы жаңалықтар