USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

8-сынып оқушысын соққыға жыққан әкімнің үстінен іс қозғалды

2018 жылғы 25 ақпан 13:50
Бөлісіңіз:
 8-сынып оқушысын соққыға жыққан әкімнің үстінен іс қозғалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 8-сынып оқушысын соққыға жыққан Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Қорғалжын ауданының тұрғыны Айгүл Бекжанова фейсбук әлеуметтік желісіне А.Төлеубаев атындағы орта мектепте оқитын ұлы, 8-сынып оқушысы Диас Мұқанды Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаров соққыға жықандығы туралы жазған болатын. Онда зардап шеккен баланың анасы ұлының «миы шайқалған» диагнозымен Қорғалжын аудандық аурханасына, кейін Астана қаласындағы №2 ауруханасына жеткізіп, нейрохирургия бөлiмшесінде жатқанын айтқан еді. Бұл жазба көпшілік арасында наразылық тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары оқушыға қол көтерген әкімнің ісін қатаң сынға алды.

Осы мәселе бойынша ҚазАқпарат ХАА тілшісі прокуратура органдарына сауал жолдады. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі сауалға жауап ретінде төмендегіні хабарлады:

«Мұқан Диастың денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергелуде. Тергеу барысында Ж. Омаровтың əрекеттеріне құқықтық баға беріліп, жақын арада процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық істің тергелуі Ақмола облысы прокуратурасының бақылауына алынды».

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT