+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

2020 жылғы 8 шілде 00:15
Бөлісіңіз:
8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет мамандары 8 шілде күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды Қазгидромет: Тамыздың 9-ы күнгі ауа райы болжамы 9 тамызда Нұр-Сұлтанда күн күркіреп, найзағай ойнайды

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстік-батысында, солтүстікте, орталықта және шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстікте және батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі, күндіз шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертен тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде жел қарқыны - 18 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с.

Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында күндіз аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT