+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

8 шілдеде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылғы 7 шілде 20:24
Бөлісіңіз:
8 шілдеде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 8 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар

10.30-да Astana Hub технопарктің цифрлық нұсқасын таныстырады, онда бағдарламаларға қатысуға өтінім қабылдаудан бастап, салықтық және визалық преференциялар алатын технопарк резиденттері үшін онлайн есеп толтыруға дейінгі барлық ірі және ұсақ процестер автоматтандырылған.

11.00-де Қазақ бизнес және технология университетінде (Қайым Мұхамедханов көшесі 37 А-үй) Елбасы тапсырмасымен салынған жаңа үлгідегі, заманауи Студенттер үйі пайдалануға беру рәсімі іледі.

11.30-да Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.А. Әзілхановтың Өзбекстан Премьер-Министрінің кеңесшісі М.А.Хайриддиновпен кездесуі өтеді.

14.00-де «Rixos President Astana Hotel» қонақ үйінде Астана процесі аясында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесу өтеді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуге енгізген жаңа сервистері мен процестері туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Әділ Қожықов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сержан Жұмабеков. Көрсетілім сілтемелері: youtube.com, facebook.com.

14.30-да ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 150-ге жуық адамның қатысуымен «Пенитенциарлық жүйе жаңа шынайылықта» атты халықаралық онлайн-форум өтеді. Оған мемлекеттік органдар өкілдері, Адам құқықтары саласындағы ұлттық сарапшылар, сондай-ақ Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Нидерланды және Беларусь елдерінің дипломатиялық миссиялары мен халықаралық ұйымдарының басшылары қатысады.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Көрсетілім сілтемелері: youtube.com, facebook.com.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT