+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

8 шілде. Туған күн иелері

2020 жылғы 8 шілде 08:08
Бөлісіңіз:
8 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 8 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1950) мемлекет қайраткері, ҚР Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбекұлы АДЫРБЕКОВ дүниеге келді.

Ташкент облысында (Өзбекстан) туған. Алматы зооветеринарлық институтын, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Зоотехник ғалым, экономист, мемлекеттік және муниципалдық басқару менеджері, э.ғ.д. Дипломаттық дәрежесі - Төтенше және Өкiлеттi Елші.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қызылорда облысының әкімі, Литва, Малайзия және Қытай Халық Республикасында Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшісі болып қызмет істеген. 2011-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған. «Құрмет», «Парасат», шетел ордендерімен, бес медальмен марапатталған.

62 жыл бұрын (1958) Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Қансейітұлы ТҮЙМЕБАЕВ дүниеге келді.

1980 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін, 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген. Филология ғылымдарының докторы, профессор. 1980-1993 жылдары ҚазМУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді. 1993 жылдан дипломатиялық қызметте болды. 1993-1994 жылдары ҚР сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, 1997-1999 жылдары ҚР Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004 жылдан 2006 жылға дейін ҚР Президенті протоколының бастығы - ҚР Президентінің кеңесшісі. 2006 жылдың ақпанынан 2007 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2007-2010 жылдары ҚР Білім және ғылым министрі. 2010-2016 жылдары Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (2016-2018); Түркістан облысының әкімі (2018-2019).

Қазіргі қызметін 2019 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.


43 жыл бұрын (1977) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы Әсемгүл Серікқызы БАЛТАШЕВА дүниеге келген.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды мемлекеттік техника университетін бітірген.

Еңбек жолы: «Қазақтелеком» АҚ Павлодар облыстық телекоммуникациялар дирекциясында түрлі лауазымдар атқарған (1997-2011); «ХҚО» РМК бас директорының автоматтандыру және қызметті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары; «ХҚО» РМК Павлодар облысы бойынша филиалының директоры (2011-2015); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК бас директоры (2015-2017); «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары.

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы сәуірде кіріскен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT