8 сәуірде ел аумағында ауа райы құбылмалы болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 8 сәуір күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

ҚР басым бөлігінен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашын жаумайды.

Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз кей жерлерде жел екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.


Соңғы жаңалықтар