Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2022 жылғы 1 шілде 19:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 2 шілдеде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, оның күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік, орталық бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі болады.

Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл соғады.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде 15 м/с. Күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында жоғары қауіптілігінің төтенше деңгейі күтіледі.

Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

2-3 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Күндіз 03 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында 38 градусқа дейін қатты ыстық болжанады.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар