8 наурызда қандай гүлдерге сұраныс артады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні көктемнің иісі аңқып, айналаның барлығы гүлге оранатын сәт. Бұл күні гүлдер мен сыйлықтардың саудасы жақсы жүреді.

ҚазАқпарат тілшісі Алматылықтардың арасында қандай гүлге сұраныс бар екенін анықтап білді. Алматының қай бұрышында болмасын қазір гүлдер сататын дүңгіршектер толып тұр.

Гүлдердің ең арзанын қаланың төменгі аудандарынан табуға болады. Базарда тек қана бір жауқазын 350 теңге тұрса, қаланың жоғарғы жақтарынан 500 теңгеге алуға болады.

Ал раушан гүліне сұраныс өте көп. Раушан гүлінің бір талы 500 теңгеден басталады.

«Гүлдердің бағасы мереке күндері қымбаттайды. Себебі тапсырыс берген елдерде де гүл қымбаттайды. Оған тасымалдаудың 30%-ын қосамыз. Гүлді ұшақпен тасымалдауға қаржының басым бөлігі жұмсалады. Сосын кеден салығын қосамыз», - деді Көтерме бөлшек сауда компаниясының директоры Виктор Хан.

Оның айтуынша, тез солатын гүлдер ары кетсе 5-ақ күн өмір сүреді. Сол себепті бұл гүлдер ең қымбат. Бөлшек саудада бұл гүлдер бағасы 50-120% дейін қымбаттайды.

«Мәселен, 80 см болатын голланд раушан гүлінің 1 талы (Эквадор или Колумбия) - 550 теңге тұрады. Бөлшек саудада біз оны 900 теңгеге сатамыз. Голланд жауқазындары - 1 сорт - 220 теңге, бөлшек саудада 400-500 теңгеден береміз. Чилиде өсетін пиондар 2300 теңгеден алсақ, бөлшек саудада 4000-5000 теңгеден сатамыз. 8 наурызда олар тағы 20-30%-ға қымбаттайды», - деді Виктор Хан.

Оның айтуынша, қазақстандықтар арасында ең көп сатылатын гүл раушан гүлі.

Соңғы жаңалықтар