8 наурызда елімізде ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, жұма күні еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын жауады, солтүстікте көбінесе қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел түнде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

Ақмола облысының басым бөлігінде түнде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды, Қостанай облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар