+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

8 наурыз. Туған күн иелері

2021 жылғы 8 наурыз 08:10
Бөлісіңіз:
8 наурыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 8 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

120 жыл бұрын (1901-1966) әнші, композитор, күйші, актер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Композиторлар одағының ең алғашқы мүшелерінің бірі Манарбек ЕРЖАНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында туған. Оны музыка әлеміне жетелеп, оның әсем сазын көкірегіне ұялата білген ұстазы - әнші әрі күйші Күсенбай. Бұдан кейін Манарбектің әншілік шеберлігін ұштауда Шашубай Қошқарбайұлы мен Әміре Қашаубаев игі әсер етті. 16-17 жасында-ақ ол Біржан сал, Ақан сері, Естай, Шашубай әндерін айтып, ауыл арасындағы айтыстарға қатысып, ел ауызына іліккен. 1928 жылы Қазақ драма театрына (қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры) қабылданып, алғашқы актерлерінің бірі болды және осы театрда қойылған спектакльдерде ойнап сан қырлы бейнелерді сомдады. 1931-1932 жылдары Риддердегі жұмысшы жастар театрында қызмет етті. 1934 жылдан Алматы музыка театрында (қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры) өнер көрсетті. И.Коцыктың «Айман - Шолпан» спектакліндегі Жарас, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абайындағы» Әзім, Мұқан Төлебаевтың «Біржан - Сарасындағы» Естай, т.б. рөлдері оның әншілік әрі әртістік талантын кең танытып, даңққа бөледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінде Е.Брусиловскийдің опералары - «Қыз Жібектегі» Шегенің, «Ер Тарғындағы» Сақанның, «Жалбырдағы» Елеместің рөлін ойнап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. 1953 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ филармониясында жеке орындаушы болып, халықтың ән өнерінде кең орын алатын терме, желдірмелерді, кең тыныстағы әндерді нақышына келтіре орындап, ұлттық өнердегі Арқа ән дәстүрінде өз мектебін қалыптастырды. Оның «Жетісу», «Астанада», «Батыр жорығы», «Күсенбай», «Өрнек», «Аққу көлі», атты күйлері, хорға арналған «Партизан жорығы», «Жастар тойы», «Жастар әні», «Бейбітшілік маршы» атты шығармалары, «Паравоз», «Амангелді», «Бақыт жыры», «Шегенің термесі», т.б. әндері бар. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», ордендерімен, медальдармен марапатталған.

102 жыл бұрын (1919-2006) актриса, Қазақстанның халық әртісі, «Тарлан» сыйлығының иегері Әмина Ерғожақызы ӨМІРЗАҚОВА дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Санкт-Петербург сахна өнері техникумының Қазақ студиясын бітірген. 1938-1940 жылдары Шымкент облыстық драма театрының труппасында, ал 1942-1949 жылдары «Қазақфильм» студиясында қызмет атқарды. 1949 жылдан Қазақ академиялық жастар мен балалар театрының актрисасы болды. Оның ойнаған рөлдері қатарында Баян (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Луиза (Ф.Шиллер «Зұлымдық пен махаббат»), Смерильдина (К.Гольдоний «Екі мырзаға бір қызметкер»), Шәуәли (М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин»), Қалампыр шешей (Ш.Уәлиханов «Тағдыр»), Глумова (А.Островский «Адам аласы ішінде»), т.б. бар. 1942 жылдан киноға түсіп, Ажар («Абай әні»), Мұғалима («Қанатты сыйлық»), Айша («Бір аудан»), Ана («Ана туралы аңыз», 1964 жылы Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен жарыс-байқауының 1-ші сыйлығы; 1966 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы), Тана («Тақиялы періште», Алматы қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-ші кино өнері жарыс-байқауының сыйлығы), т.б. бейнелерді сомдаған. «Отан», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

80 жыл бұрын (1941-2007) дипломат, Қазақстан Республикасының қоғам және мемлекет қайраткері Болатхан Құлжанұлы ТАЙЖАН дүниеге келген.

Ол Павлодарда туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (1966) және КСРО ҒА жанындағы Мәскеу халықаралық экономикалық қатынастар институтының аспирантурасын (1970) бітірген. Еңбек жолы: КСРО-ның Порт-Саидтегі консулдығының кезекші референті (1963-1964); Қазақ КСР ғылым академиясының экономика институтында кіші ғылыми қызметкер (1970-1974); Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде бас хатшы (1974-1975); Йемен Араб Республикасындағы КСРО елшілігінде 2-хатшы (1975-1980); Қазақстан КП ОК-де, Қазақ КСР СІМ-де жауапты қызметкер (1980-1985); Йемен Халық Демократиялық Республикасында бас консул, кеңесші (1985-1989); Қазақ КСР СІМ-де жауапы қызметкер, ҚР сыртқы экономикалық қатынастар министрінің бірінші орынбасары (1989-1993); Қазақстанның Египеттегі Төтенше және өкілетті елшісі (1993-1999) және Марокко, Тунис, Алжир, Иордания, Сирия, Ливия елдеріндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарушы, Ислам Конференциясы ұйымындағы ҚР-ның тұрақты өкілі (1996-1999); Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі (1999 – 2001). «Нұр Отан» партиясы төрағасының кеңесшісі (2003-2005); ұлттық-патриоттық «Ұлт тағдыры – ел тағдыры» қозғалысының төрағасы (2005- өмірінің соңына дейін).

75 жыл бұрын (1946) киносценарист, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Сатыбалды (Сәкен) Жәлелұлы НАРЫМБЕТОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын, КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценарист және режиссердің жоғары курстарын бітірген. 1969 жылдан «Қазақфильм» студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті. 1970 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері. 2005 жылдан бері «Қазақфильм» киностудиясының кино және дебют шығармашылық одағының жетекшісі. Фильмографиясы: «Созақтан шыққан Гамлет» (режиссёр), «Қарасуық» (сценарист), «Жас аккордионистің басынан кешкендері» (режиссёр-сценарист), «Омпа», «Қыз жылаған» (режиссёр, сценарист), «Лейланың дұғасы» (режиссёр-сценарист), «Мұстафа Шоқай» (режиссер), «Аманат» (режиссёр-сценарист). «Құрмет» орденімен марапатталған. «Киношок» сыйлығының «Режиссура үшін сыйлығы» 1994 жылғы номинациясының лауреаты, ТМД және Балтық елдерінің ашық кино фестивалінің «Реализм мен адамгершілік үшін» сыйлығының иегері, Жорж Садуль сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

62 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Дүйсенбай Нұрбайұлы ТҰРҒАНОВ дүниеге келді.

Гурьев (қазіргі – Атырау) облысында туған. 1981 жылы – Алматы энергетикалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша, 1991 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық қаржы-экономикалық институтын Экономист мамандығы бойынша үздік бітірген.

Еңбек жолы: «Қаратау» АҚ-ның электромонтері, шебері, электр жөндеу учаскесінің бастығы, цех бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары, кеніштің бас энергетигі, электрмен жабдықтау цехының бастығы, жылумен сумен жабдықтау басқармасының бастығы, бас энергетигі (1981-1993); Қаратау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары бірлестігінің бас директоры (1993-1994); Қаратау қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1994-1997); Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі (1997-1999); Атырау қаласының әкімі (1999-2002); «Каспийстройсервис» ЖШС президенті (05.2002-11.2002); «КЕGОC» ААҚ вице-президенті (2002-2007); ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі (2007-2010); ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі (2010-2011); «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (2011-2012); Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары (2012-2017); «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2017-2021): қазіргі қызметінде – 2021 жылғы қаңтардан бастап.

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астана» медальдарымен марапатталған.

«Электрэнергетика саласына қосқан үлесі үшін» (2018). «ТМД еңбек сіңірген энергетигі», «Еңбегі сіңген энергетик» (2009); «Украинаның еңбек сіңірген энергетигі» (2010) атақтарына ие болған.

60 жыл бұрын (1961) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Сабырұлы БҰҚТЫҒҰТОВ дүниеге келді.

Көкшетау қаласында туған. 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолы: «Өскемен жабдықтау» слесарі (10.1985-11.1985); «Өскемен жабдықтау» бас механигі (1985-1988); «Шығысқазметаллжабдықөткізу» бас инженері (1988-1989); «ШҚ Металлооптторг» бас инженері (1989-1990); «Шығысқазбасжабдықтау» өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы (1990-1991); «Шығысқазөнеркәсіпсауда» кәсіпорнының директоры (01.1991-12.1991); «Шығысқазбасжабдықтау» бастығының орынбасары – «Шығысқазметаллжабдықөткізу» кәсіпорнының директоры (1991-1992); «Шығысқазметаллжабдықөткізу» кәсіпорнының директоры (1992-1993); Шығыс Қазақстан өндірістік бірлестігінің сусын өндіру жөніндегі бас директоры (1993-1995); «Әділ» АҚ-ның президенті (1995-1997); Өскемен қаласы әкімінің орынбасары (1997-2002); Риддер қаласының әкімі (2002-2006); Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы басқармасының бастығы (2006-2007); Өскемен қаласының әкімі (2007-2008); Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы (2009-2011); «Ертіс» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2011-2015); «ШҚО өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы (2015-2020). Қазіргі қызметінде – 2020 наурыз айынан бастап.

57 жыл бұрын (1964) «ҚР Ұлттық банкінің банкнот фабрикасы» РМК директоры Батырбек Асылбекұлы ӘЛЖАНОВ дүниеге келді.

1986 жылы Алматы шет тiлдерінің педагогикалық институтын «Немiс және ағылшын тiлдерi» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1997 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Қаржы академиясын «банк ісі» мамандығы бойынша аяқтаған. 1992 жылдан 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде экономист, жетекші экономист, Валюталық-экономикалық қатынастар бас басқармасының корреспонденттік қатынастарды есепке алу бөлімінің бас экономисі, корреспонденттік қатынастар және дилинг операциялары басқармасының бастығы, валюталық шоттар басқармасы бастығының орынбасары, корреспонденттік қатынастар және халықаралық есептер басқармасының бастығы, директор орынбасары, Монетарлық операциялар департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2005-2011 жылдары ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2014 жылдан бері.

51 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бақыт Амангелдіұлы ДҮЙСЕНБАЕВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Республикасының Испаниядағы елшілігінің бірінші хатшысы; ҚР СІМ Еуропа басқармасының бастығы, Еуропа және Америка департаменті директорының орынбасары (2004); ҚР-ның Испаниядағы елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-елшісі (2004-2009); ҚР СІМ Еуропа және Америка департаменті директорының орынбасары (2009-2012); Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі (2012-2018); Қазақстан Республикасының Андорра князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы (2015-2018). Қазіргі қызметіне 2018 жылғы сәуірде тағайындалды.

44 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Сламханұлы ДАУЫЛБАЕВ дүниеге келді.

ОҚО Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келді. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің құқықтану мамандығын бітіріп шықты. 09.1998 жылы ОҚО Әділет басқармасының жетекші маманы; 1999-2004 жылы аралығында ОҚО Әділет басқармасының бас маманы; 01.2004-07.2004 жылы аралығында ОҚО Әділет басқармасының санаткерлік меншік құқықтары бөлімінің бастығы; 07.2004-03.2005 жылы аралығында ОҚО Сайрам аудандық Әділет басқармасының бөлім бастығы; 03.2005-09.2010 жылы аралығында ОҚО Сайрам аудандық Әділет басқармасының бастығы; 09.2010-07.2011 жылы аралығында Қостанай облысының Әділет департаментінің бастығының орынбасары; 07.2011-09.2011 жылы аралығында ОҚО Әділет департаменті бастығының міндетін атқарушы; 09.2011-06.2017 жылы аралығында ОҚО Әділет департаменті бастығы; 06.2017-14.05.2018 жылы аралығында ШҚО Әділет департаментінің бастығы; 05.2018-01.2019 жылы аралығында «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының инженерлік-техникалық орталығы» РМК директорының орынбасары; 01.2019-01.2020 жылы Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы; 2020 жылғы 15 қаңтар - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT