8 наурыз мерекесіне орай қазақстандықтар неше күн демалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл қазақстандықтар 8 Наурыз мерекесіне орай 3 күн демалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі дүйсенбіге тура келеді. Сәйкесінше қазақстандықтар сенбі, жексенбі және дүйсенбіде демалады.

Сондай-ақ Мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне сәйкес, қазақстандықтар жыл сайын Наурыз мейрамында үш күн – 21-23 күндері демалады. Дегенмен, биыл 21 наурыз жексенбіге дәл келіп отыр. Ал «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі.

Демек, қазақстандықтар 20 наурыз бен 24 наурыз аралығында 5 күн демалады.

Жалпы, наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.




Соңғы жаңалықтар