8 Наурыз мерекесі: ШҚО-ның әйелдер қауымы қан тапсыруға шақырылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Қан орталығы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Леди-донор» байқауын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтайньюс сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, конкурсқа қатысу үшін әйелдер қауымы 19 ақпан мен 5 наурыз аралығында Қан орталығына барып қан немесе қанның компоненттерін тапсырып, тегін донор болуы қажет.

«Қан тапсырып болған соң орталықтың қабырғасында суретке түсіп, оны Instagram желісіне неліктен донор болғанын жаза отырып жариялау қажет. Сондай-ақ, желіде @сentrkrovioskemen ресми парақшасын белгілеп, #леди_донор2019 және #ВКОЦК хештегтерін қою керек», - делінген баспасөз хабарламасында.

Байқау шарттарына сәйкес келетін фотосуреттері бар барлық жарияланымдар ресми парақшаға салынып, жеңімпаз онлайн дауыс беру арқылы анықталады. Ресми парақшалар: Facebook - ВКОЦК, VK - «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» тобы, Instagram - @centrkrovioskemen, OK - ВКОЦК.

Дауыс беру 6 наурыз сағат 12:00-ге дейін жалғасады. Жеңімпаз 7 наурызда анықталып, демеушілердің арнайы сыйлығымен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар