8 наурыз күні астаналық әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 наурыз күні елордалық қоғамдық көліктер әйелдерді тегін тасымалдайды. Бұл туралы «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 8 наурызында Астананың қоғамдық көліктерінде қыз-келіншектер тегін жүре алады. Мұндай науқан Астанада алғаш рет өтіп отыр. Осылайша, қала билігі аруларды мерекемен құттықтауды ұйғарды», - деп жазды Науат Азанбаева әлеуметтік желіде.

Соңғы жаңалықтар