+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

8 наурыз қарсаңында Астанаға 9 тонна гүл жеткізілді

2017 жылғы 7 наурыз 11:52
Бөлісіңіз:
8 наурыз қарсаңында Астанаға 9 тонна гүл жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурыздан бері Астанаға ұшақпен құны 31 миллион теңге болатын гүл жеткізілген. Мұндай деректі «ҚазАқпарат» ХАА сауалына жауап ретінде Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Мекеме деректеріне сүйенсек, Астанаға жалпы салмағы 8,6 тонна қызғалдақ, раушан, қалампыр, бақытгүл, лалагүл, гербер және орхидея гүлдері жеткізілген. Гүлдер Эквадордан, Кениядан, Нидерланды, Израиль, Литва және өзге елдерде өсірілген.

Салыстырып қарағанда, қаңтар-ақпан айларында Астанаға жалпы сомасы 13,5 миллион теңгеге 10 әуе компаниясы гүл тасымалдаған. Гүлдердің жалпы салмағы 6,3 тонна болған.

Бұған дейін «ҚазАқпарат» ХАА қазақстандық әйелдердің қандай гүлді қош көретінін жазған еді. Жыл сайын Қазақстанда 8 наурыз қарсаңында ондаған миллион доллардан астам сомаға гүл сатылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT