8 Наурыз - барша адамзат баласының нәзік жандыларға деген құрметі - С.Қасымова

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бабадан «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген ұлағатты сөз қалған. Бұл жерде біз бала деп Көкшетау техникалық институтының курсанттарын атап отырмыз. «Қазіргі жастар - Тәуелсіз Қазақстанның болашағы. Ал, еліміздің келешек ұрпағына заманауи үлгіде сапалы тәлім-тәрбие беру ұстаздың қолында», - дейді кейіпкеріміз «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты» әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының доценті өртке қарсы қызмет майоры Сандуғаш Қасымова.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органында 2003 жылдың бастап қызмет істейтін ол бүгінде аталмыш институты қабырғасында шәкірттерін білім нәрімен сусындатып жүр. Әріптестері мен шәкірттерінің мақтанышына айналған С.Қасымова осы уақытқа дейі талай асуды бағындырып та үлгерген.

Атап айтсақ, 2010 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Көкшетау техникалық институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының доценті лауазымына тағайындалады. Кейін филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Әскери ғылым акадамиясының корреспондент мүшесі болып қабылданады. Ал, 2012 жылдың қараша айынан бастап институттың Ғылыми кеңесінің Ғалым хатшысы қызметін алып жүруде.

Ұдайы ғылыми жұмыспен айналысқан оның 40-тан астам ғылыми еңбегі бар. Оның ішінде 2011- 2012 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Көне түркілердің іргелі және кескіндемелі қолданба өнерін түркі мәдени кешенінің қалыптасу аясында зерделеу» бағдарламасы аясында орындалатын «Түркологиялық ақпараттық кеңістік: электрондық библиографиялық көрсеткіштер жүйесі» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-зерттеу жобасы аясында монографиялық еңбегі жарық көрді.

Сонымен қатар, күндізгі оқу факультетінің курсанттарына ғылыми жетекшілік жасап, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. 2012 жылы С.Қасымова 6 курсантқа ғылыми жетекшілік жасап, Алматы, Орал қалаларындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысса, 2013 жылы 3 курсантқа жетекшілік жасап халықаралық конференцияларға қатысты және курсанттар жүлделі орындарға ие болды. Құқық қорғау органдарының кезектен тыс аттестациясы қорытындысы бойынша жоғары қызметке шығару үшін кадрлық резервке енгізілді.

2012 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР ТЖ Министрінің Алғыс хатымен, 2013 жылы Құрмет грамотасымен, ал, 2013 жылы «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты курсанттарымен тыңдаушыларының шығарылуына 15 жыл» толуына орай мерейтойлық төс белгісімен марапатталып, елеулі еңбегі бағаланды.

Қазіргі кезде, ұлағатты ұстаз, жолдасы Еркен Қуандықұлы екеуі Айзада және Мерей есімді қос қарлығашын тәрбиелеп отыр.

«8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі барша адамзат баласының нәзік жандыларға деген құрметті», - дейді Сандуғаш Қасымова.

Соңғы жаңалықтар