8 мыңнан астам суық қаруды ел аумағынан алып шықпақ болғандар ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері 8 мыңнан астам суық қару мен электрлік естен тандыру құралдарын шекараның арғы бетіне алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҰҚК Шекара қызметі жыл басынан бері 170 бірліктен астам оқ-дәріні, 8 мыңнан аса суық қару мен электрлік естен тандыру құралдарын шекара арқылы өткізу әрекеті кезінде тәркілеп, оқсыз атылатын қаруды әкетудің 2 фактісінің жолын кесті.

Тек соңғы аптада шекаралық бақылау жүргізу кезіндегі тексеру іс-шаралар нәтижесінде 60 аңшылық және 6 зақымдайтын оқ, қолдан жасалған 2 пышақ анықталды.

Барлық жағдайларда ұсталған адамдар мен көліктер процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құзыреті бойынша ішкі істер органдарына тапсырылды», - делінген ресми хабарламада.





Фото: gov.kz



Соңғы жаңалықтар