+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

8 мыңнан астам шетелдік Қазақстанда заңсыз тұрған

2018 жылғы 8 қазан 12:07
Бөлісіңіз:
8 мыңнан астам шетелдік Қазақстанда заңсыз тұрған

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қазақстан аумағында заңсыз тұрып келген 8 мыңнан астам шетелдік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, учаскелік полиция инспекторларының халықпен жұмысын жақсарту мақсатында 5 қыркүйектен бастап еліміз аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның барысында учаскелік полицейлер пәтерлер мен аулаларды аралап, көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтауда. Сондай-ақ азаматтық қаруды сақтау талаптарының орындалуы мен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдар тексерілуде.

Сонымен қатар өндіріс объектілері, ұйымдар мен мекемелер бақылауға алынды. Учаскелік полицейлер гараждар мен саяжай аумақтарын, бос қалған ғимараттар мен құрылыс нысандарын, жылу трассалары мен құдықтарды тексеруде.

«Учаске» операциясы барысында 1 миллионнан астам тұрғын үй мен саяжай тексерілді. Аталған шара барысында 89 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 8 мыңнан астамы - тіркеусіз тұру фактісі, 9,7 мыңнан астамы шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзуы. Үш жүзге жуық шетелдік сот шешімі бойынша елден шығарылды», - делінген ІІМ хабарламасында.

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT