8 мың ақтөбелік туу туралы куәлікті ұялы телефон арқылы рәсімдеген

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметті цифрлық форматта алуды жөн деп санайтын ақтөбелеіктер саны күн өткен сайын артып келеді. Жыл басынан бері 8 мың облыс тұрғыны жаңа туған сәбилерді тіркеу бойынша проактивтік қызмет көрсетуді қолданған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз мәслихаты барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бөлімшесі директорының орынбасары Ізбасар Орынбасаровтың айтуынша, туу туралы куәлікті рәсімдеу үшін ұялы телефон болса жеткілікті. Ол арқылы мобильді азаматтар базасында өз ЖСН-ін тіркеу қажет.

Бала өмірге келген сәтте перзентхана баланың туғаны туралы фактіні тіркеп, оның анасының ұялы телефонына құттықтау хат жолдайды. Егер әйел мобильді азаматтар базасына тіркелген болса, ол проактивтік қызмет көрсетуді қолдана алады. Яғни, үш өтініш - баланың туу туралы куәлігіне, балабақшаға кезекке қоюға және балаларға арналған жәрдемақыға өтініш бере алады. Өтінішті ХҚО-ның телеграммдағы каналы арқылы беруге де болады. Бұл құжаттың барлығын келесі күні ХҚО-дан алады. Жыл басынан бері осы қызметті 8 мың ақтөбелік қолданған.

«Осы жылдың 11 айында 1,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген, сондай-ақ ХҚО-ларда ақтөбеліктер миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетуге ие болған. Жыл басынан бері 300 мың ЭЦҚ берілген. Кез келген адам электрондық қызметті үйден немесе ConnectionPoint орталықтары секторларынан ала алады», - деді І. Орынбасаров.

Соңғы жаңалықтар