8 маусым. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 8 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

6 1 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері Юрий Евгеньевич ТИМОЩЕНКО дүниеге келді.

Бұрынғы Торғай облысында (қазіргі Қостанай облысы) туған. Целиноград мемлекеттік медициналық институтын, Қостанай бизнес және басқару институтын бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы Торғай облыстық ауруханасында дәрігер-интерн болып бастаған. 1986-1987 жылдары – Торғай облыстық наркологиялық диспансерінің дәрігер психиатр-наркологы. 1986-1987 жылдары – Торғай облыстық наркологиялық диспансерінің №2 бөлімшесінің меңгерушісі. 1988-1989 жылдары - Целиноград облысы Қима аудандық ауруханасының дәрігер психиатр-наркологы. 1989 жылы – Целиноград облыстық наркологиялық диспансерінің № 3 бөлімшесінің дәрігер психиатр-наркологы. 1989-1992 жылдары - Целиноград облыстық наркологиялық диспансерінің учаскелік дәрігері, жасөспірімдерге арналған қызметінің меңгерушісі. 1992-1993 жылдары - «МедТим» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының дәрігер психиатр-наркологы. 1992-1998 жылдары – «МедТим» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының бас дәрігері. 1998-2001 жылдары - «Жаңажол» ЖШС-ның бас директоры. 2001-2005 жылдары - «Қазақстан-Украина» сауда-өнеркәсіп одағы» АҚ-ның президенті. 2005-2012 жылдары - «Оберег» Украина ұлттық-мәдени орталығы» ЖШС-ның директоры. 2005 жылдан бастап «Қазақстан украиндарының радасы» ЗТБ Үйлестіру кеңесінің төрағасы, «Қазақстан украиндарының радасы» республикалық ЗТБ-ның төрағасы. 2010 жылғы қазаннан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылы бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған. 2016 жылдан алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. II дәрежелі «Достық» орденімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

5 7 жыл бұрын (1966) Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығының бас хатшысы Қайрат Шораұлы САРЫБАЙ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Андрей Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1988-1989 жылдары – Қазақстан Ғылым Академиясы Ұйғыртану институтының аға зерттеушісі. 1989-1991 жылдары - СССР Ғылым Академиясының Тіл білімі институты Ленинград бөлімшесінің тағылымгер-зерттеушісі. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық бөлімінің екінші хатшысы. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ақпараттық-талдамалық басқармасының кеңесшісі. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің екінші хатшысы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттама қызметінің жетекшісі. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің жетекшісі - баспасөз хатшысы. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі. 1999-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2003-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Германия Федеративті Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2010-2014 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2014 жылғы ақпаннан ҚР-ның Аустриядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Словениядағы елші қызметін қоса атқарады. 2014-2017 жылдары Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығының атқарушы директоры болды (2020-2022).

Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың қазанынан.

«Ерен еңбегі үшін», «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. «Қызмет үшін ГФР Ұлы кресті» шетелдік орден иегері.

56 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Кеңесұлы БАУДАРБЕК-ҚОЖАТАЕВ дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, журналист. 1992-2008 жылдары ҚР СІМ аумақтық басқармалары мен департаменттерінде әртүрлі лауазымдарда болды. 2008 жылғы қаңтардан Сингапур Республикасындағы, Аустралия мен Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2016 жылғы сәуір айынан 2021 жылдың мамырына дейін Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды.

2021 жылдың 31-мамырынан қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

54 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар ҒИНИЯТдүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының педиатрия бөлімін (1992); Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген (2007); Almaty Management University (ALMU), МВА, іскерлік әкімшілік (2015) бойынша білімін жетілдірген.

Еңбек жолы: Атырау қ. № 2 қалалық емханасының учаскелік педиатры (1992-1994); Ақтау қ. № 1 медсанбөлімінің Балалар инфекциялық бөлімшесінің инфекционист дәрігері (1994); Ақтау қ. № 1 медсанбөлімінің бөлімше меңгерушісі (1994-1999); Ақтау қ. облыстық инфекциялық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары (1999-2001); Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (2001-2005); Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау департаментінің директоры (2005-2006); ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма бастығы (2008-2010); ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры (2010-2014); ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры (2014-2016); ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры (2016-2017); ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары (2017-2020). Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі (2020-2022)

Атқаратын лауазымында – 2022 жылдың қаңтарынан бастап.

«За вклад в создание Евразийского экономического союза» III дәрежелі (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Халық Ассамблеясына 20 жыл» (2015) медальдарымен; «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2005), «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2010), «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен марапатталған (2018).


Соңғы жаңалықтар