8 маусым астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 8 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.30-да Назарбаев Университетінде Қазақстандағы тұрақты даму шешімдері желісінің ресми түрде ашылуы өтеді.

12.00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Орталық Азия - Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді.

Шара барысында Орталық Азия елдерінің Қытаймен ынтымақтастығының бірқатар мәселелерін талқылау жоспарланған.

Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері қатысады.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына орай «100 жасаған «Жас Алаш» атты көрменің ашылу салтанаты өтеді.

19.00-де QAZAQSTAN орталық концерт залы «Жастар әні» концертін ұсынады.


Соңғы жаңалықтар