+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

8 қазан. Туған күн иелері

2019 жылғы 8 қазан 08:08
Бөлісіңіз:
8 қазан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 8 қазанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


57 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Өкілетті және Төтенше Елшісі Ерлан Сапарұлы БАЙЖАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1985), осы оқу ордасының аспирантурасын (1988) тәмамдаған. Филология ғылымының кандидаты. Журналист.

1989-1990 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 1990-1991 жылдары - «Советы Казахстана» газеті редакциясының парламенттік шолушысы, бөлім меңгерушісі. 1991-1996 жылдары - кәсіпкерлік саласында жұмыс істеді. 1996 жылдың сәуірінен - СІМ баспасөз қызметінің бірінші хатшысы, СІМ ақпарат және баспасөз бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдың қаңтарынан - ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары. 2004 жылдың наурызынан - Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінде кеңесші-уәкіл, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Шарт ұйымында өкілетті өкіл. 2005 жылдың тамызынан - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі. 2006 жылдың ақпанынан - ҚР Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі. 2007 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2008-2010 жылдары - «Арна медиа» ұлттық ақпараттық холдингінің басқарма төрағасы. 2009-211 жылдары - «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры; «Нұр Медиа» холдингінің бас директоры (2011-2014); «Медиа Консул» жекеменшік компаниясының бас директоры, Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасының кеңесшісі; Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясына жіберілген уәкіл кеңесшісі (2014-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы мамырда кірісті.

«ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, ҚР Президентінің Алғысхатымен марапатталған.


48 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысы Асқар Ахметұлы ЖОЛАМАНОВ дүниеге келген.

Ол Шығыс Қазақстан облысында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген (1993); Қазақ политехникалық институты жанындағы әскери дайындықтан өткен (1992).

Еңбек жолы: взвод командирінен бастап штаб бастығы – әскери бөлім командирінің орынбасарына дейінгі әртүрлі лауазымдарда қызмет етті (1994 – 2005); Михайлов әскери артиллериялық академиясының тыңдаушысы болды (2005-2007); 29108 әскери бөлімі командирінің орынбасары (2007); 10181 әскери бөлімінің командирі (2007-2011); Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары – ҚР ҚК АэҰӘ қолбасшысы басқармасы әскер тектері артиллериясының бастығы (2011-2012); ҚР ҚК АэҰӘ қолбасшысы басқармасы зымыран әскерлері мен артиллерия бастығы (2012-2013); Ұлттық қорғаныс университеті ӘМБ факультетінің тыңдаушысы (2013-2015); ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы (2015-2017); Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысының орынбасары – ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысы басқармасының штаб бастығы (2017-2018).

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы сәуірден бері атқарып келеді.


48 жыл бұрын (1971) Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы Аржан Мелісұлы БҰҒЫБАЕВ дүниеге келген.

Ол Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Назарбаев Университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Алматы колхоз құрылысы» АҚ-да құрылысшы ретінде бастаған; «Астананың халықаралық әуежайы» РМК бас инженерінің орынбасары (2000-2001); «Астананың халықаралық әуежайы» РМК-ның техникалық менеджері, материалдық-техникалық қамту бөлімінің басшысы (2001-2002); «Астананың халықаралық әуежайы» ЖАҚ ҚКД директоры (2002-2005); жеке құрылымдарда жұмыс істеді (2007-2008); «Назарбаев университеті» автономды білім беру ұйымы департаментінің директоры (2009-2010); «Назарбаев университеті» автономды білім беру ұйымы ҚКД директоры (2010-2013); «Назарбаев университеті» білім беру ұйымында құрылыс жөніндегі басқарушы директор (2013-2018); Астана қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы (2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы мамырда кірісті.

«Құрмет» орденімен марапатталған.


48 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Узанұлы ЫСҚАҚОВ дүниеге келген.

Ол Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығымен бітірген (1993).

Еңбек жолы: 1994 жылдан бастап СІМ жүйесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді; СІМ әртүрлі басшы лауазымдарды атқарды (2002 – 2008); Алматы қаласындағы «МЕТРО Кэш энд Кэрри» ЖШС компаниясы Бас директорының орынбасары (2008 – 2014); Германия Федеративтік Республикасындағы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі, кеңесші-уәкілі (2014 – 2017); ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары (2018 – 2019).

І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы мамырда кірісті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT