8 қарашада Астанада ескерту дабылы қағылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қарашада Астанада радио арналарда дабылдар қосылып құлақтандыру жүйелері тексеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

«8 қарашада 9 сағат 55 минутта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті теле-радио арналарда электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелерін тексереді. Аталмыш тексеру жоспарлы түрде өткізіліп отырады», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, төтенше жағдай болғанда немесе төтенше жағдайдың орын алуы қаупі төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады. Дабылды естіген тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидар, радио және т.б.) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алуы үшін қосуы керек.
ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына дабылды тексеру барысында сабырлық сақтауға, сондай-ақ үрейленбеуге шақырады. 

 

Соңғы жаңалықтар