+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

8 қараша. Туған күн иелері

2019 жылғы 8 қараша 08:08
Бөлісіңіз:
8 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 8 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


121 жыл бұрын (1898-1937) Алаш қозғалысының қайраткері, әдебиет сыншысы, абайтанушы Ыдырыс МҰСТАНБАЕВ дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында туған. Тінібай медресесін, екі сыныпты орыс-қазақ училищесін бітіріп, Семей гимназиясында оқыды. Еңбек жолын пошта телеграфисі болып бастады. 1918 жылы Семейде Алаштың атты әскер полкін жасақтауға қатысты. 1919-1921 жылдары Семей губревкомы мен губаткомының мүшесі болып, Семей, Өскемен, Аягөз, Зайсан университетінде ұйымдастырушылық-басшылық қызметтер атқарды. 1920 жылы Қазақ АКСР-нің Құрылтай съезінде ОАК-нің мүшелігіне сайланды. 1921-1926 жылдары Орал, Ақмола губерниясының прокуроры, Сырдария губаткомының төрағасы, Қазақ ОАК-нің нұсқаушысы қызметтерін атқарды. 1926 жылы «Сырдария ісі», «Шаян ісіне» қатысты жауапқа тартылды. 1926-1927 жылдары - Қазақ АКСР-інің байланыс халық комиссары. 1927 жылы Семейде өткен атаман Анненковқа қарсы сотта мемлекеттік айыптаушы болды. Өмірінің соңғы жылдарында Қызылорда мен Алматыда әр түрлі кеңес, партиялық, шаруашылық қызметтер атқарды. Қазақстандағы жер мәселесі, ауылдағы тап тартысты, байлардың мүлкін тәркілеу, мекемелерді қазақыландыру, т.б. социалистік қайта құрулар мен голощекиндік ұлт саясатына қарсы күрескені үшін, «сәдуақасовшылдық», троцкилік оппозицияның көрнекті өкілі ретінде қудаланып, бірнеше рет партия қатарынан шығарылды. Мұстанбаев әдеби сынға өзіндік үлес қосып, қазақ әдебиетінің тағдырына қатысты талас-тартысқа белсене араласты. Абай, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтардың шығармашылық мұрасын таптық-идеологиялық шабуылдан қорғады. Саяси қуғын сүргіннің құрбаны болды. 1991 жылы 18 ақпанда ақталды.


59 жыл бұрын (1960) ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Қасымұлы ЕРЖАНОВ дүниеге келген.

Ол Батыс Қазақстан облысында туған. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын (1982); БЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін (1987); Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын (2001) тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1982 жылы Орал облысы Тайпақ ауданының Красноярский кеңшарының бас инженер-гидротехнигі (1981-1984); Тайпақ аудандық комитетінің бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, ҚЛКЖО Орал облыстық комитеті инструкторы (1984-1986); ҚЛКЖО Орал облыстық комитетінде кабинет меңгерушісі, бөлім меңгерушісі (1987-1989); ҚЛКЖО ОК сектор меңгерушісі, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі (1989-1991); Қазақстан Республикасы Жастар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің халықаралық байланыстар және жастар туризмі басқармасының бастығы (1991-1993); «Тенгри» БК менеджері (1993); Атырау мұнай өңдеу зауытының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры (1993-1995); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі (1995-1997); ҚР Мемлекеттік кеден комитетінің департамент директоры (1997-1998); ҚР Президенттігіне кандидат Ғ.Е.Қасымовты қолдау штабы» ҚҰ басшысы (1998-1999); ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының экономика және қаржы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа талдау секторының меңгерушісі (1999); Атырау облысы бойынша кеден басқармасы бастығының міндетін орындаушы, бастығы (1999-2001); ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары (2001-2002); ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (2002-2004); ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары (2004-2005); ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2005–2006); Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (2006–2007); ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы (2007–2012); ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2012-2014); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2014-2017); ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі (2017-2018). 2018-2019 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурызынан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аудармашы-Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT