8 қараша күні елордада автобус жүрмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 қараша - жексенбі күні Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүрмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында City Transportation Systems компаниясы мәлімет таратты.

«8 қарашада дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік бір күнге тоқтайды. Дүйсенбі күні, 9 қарашада автобустар қайтадан қатынайды. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз» деп жазды компания Instagram парақшасында.

Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, SMS көмегімен және мобильді қосымшалар арқылы төленеді.

Еске сала кетейік, елордадағы қоғамдық көлік жолаушыларына ыңғайлы болу үшін төлем жасаудың түрлі әдістері мен тарифтері қарастырылған:

- көлік әмияны - ақшаны көлік картасына аудару;

- көлік билеті - 10 сапарға арналған қағаз көлік картасы;

- «SMS арқылы төлем жасау» - ұялы байланыс операторы арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз электронды түрде төлеудің қосымша қызметі;

- «QR-код арқылы төлем жасау» - жолаушының банк картасымен байланысқан мобильдік қосымша арқылы немесе абоненттік нөмірдегі теңгерімнен аудару арқылы жүзеге асырылады;

- бірлескен брендтік карта - жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесінде пайдалануға арналған көлік картасының интеграцияланған чипі бар жеке банктік карта.

Тәуліктік жол жүру билетінің жарамдылығы сатып алынған сәттен емес, бірінші валидациядан кейін есептеле бастайды.


Соңғы жаңалықтар