8 елдің әскери қызметшілері бірлесіп оқу-жаттығу өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Орталық – 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді фазасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқу-жаттығуға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан елдерінің әскери қызметшілері, 20 мың бірліктен астам әскери техника мен қару-жарақ, 600 шамасында ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылған.

Оқу-жаттығу броньды транспортерлер, жаяу әскер жауынгерлік машиналары, танкілер, жойғыштар, әскери-көлік ұшақтары, жауынгерлік тікұшақтар, тактикалық зымыран кешендері және артиллериялық қару-жарақтар қолданылды. Сонымен қатар, әскери түрлер, арнайы әскерлердің, материалды-техникалық және медициналық қамтамасыз ету бөлімшелері тартылды. Оқу-жаттығу барысында заманауи әскери қақтығыстардағы тәжірибені ескере отырып ұрысты бастаудың жаңа түрлері мен тәсілдері қолданылды.

Белсенді фазаның шарықтау шегі бөлімшелер негізгі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындаған кезде жүзеге асты. Халықаралық форматта әскери контингенттер бірнеше тактиакалық эпизодтарды орындады. Олар:

- барлау-оқ ату және барлау-соққы беру әрекеттері;

- бастырмалы оқ атумен зақымдауды жүргізу;

- шабуылға көшкенде басып алынған шепті ұстап тұру;

- тактикалық және жедел десант тарды түсіру;

Бөлімшелер заңсыз әскери құрылымдарға шабуылдау бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтады. Әскерлердің тәжірибелік әрекеттерін Ресей және Қырғызстан Президенттер, сондай-ақ Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің қорғаныс ведомство басшылары бақылады.

Халықаралық оқу-жаттығудың нәтижесі бойынша ерекшеленген әскери қызметшілерді медальдармен марапаттады.



Соңғы жаңалықтар