8 ақпанда Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 8 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Сағат 10.00-де министр Бақыт Сұлтановтың қатысуымен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысы өтеді. Онлайн форматтағы шара ведомствоның Facebook-тегі парақшасында көрсетіледі.

Сағат 11.00-де онлайн форматында ҚР Ішкі істер министрлігінің брифингі өтеді. Тақырыбы: «Автокөлікті басқару кезінде өзімен бірге жүргізуші құжаттарының болуы нормаларын алып тастауға қатысты заңнаманың өзгерістері туралы». Спикер: ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Сағат 12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде COVID-19-ға қарсы вакцинация мәселесіне қатысты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов, UMS клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, «АстМУ» КеАҚ Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсымен ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзель, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбарасы Манар Смағұл, ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Гуляев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

Сағат 16.45-те Ресей ғылым және мәдениет орталығында ресейлік белгілі дәрігер, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Сібір федералдық округі бойынша балалардың бас хирургы, профессор, медицина ғылымдарының докторы Юрий Козловтың журналистермен кездесу өтеді.


Соңғы жаңалықтар