8 ақпанда Қазақстанда өтетін шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 8 ақпан күні Қазақстанда болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Хан Шатыр» СОСО жанындағы алаңда «Nur-Otan» партиясының елордалық филиалы Нұр-Сұлтан қалалық бастауыш партия ұйымдары арасында алғашқы қысқы Спартакиада ойындарын өткізеді. Партия мүшелері конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, пима-хоккей және арқан тарту сияқты спорттың 4 түрі бойынша сайысады.

10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Азаматтарды қабылдау күні өтеді. Қабылдауды Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бастығы Сыздықов Бауыржан Мәдіұлы жүргізеді.

15.00-де «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында «Сарыға таста» экологиялық акциясы өтеді. Эко-шараға балабақша тәрбиеленушілерінен бастап, мектеп оқушылары, колледж студенттері мен ата-аналар, сондай-ақ Қазақстанның экологиялық ұйымдары, қоғам белсенділері мен өзге де бастамашы топтар қатысады.

17.00-де «Hilton Astana» қонақүйінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан елдерінің ММА аралас жекпе-жектен Орталық Азия конфедерациясын құруға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.


Соңғы жаңалықтар