8 ақпан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 8 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де «Сығанақ» бизнес орталығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев, ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов БАҚ өкілдерімен «галстуксыз кездесу» өткізеді.

11.00-де Human Rights Hub-та Парламент қарауына ұсынылатын БАҚ туралы заң жобасы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Ұлттық музейде ҚР Халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына орай, «Өнермен өрілген ғұмыр» тақырыбында жылжымалы көрме өтеді.

15.00-де Астана коммуникациялар орталығында «2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылға арналған жоспарлар» туралы баспасөз конференциясы өтеді.

15.00-де Radisson қонақ үйінде ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) бақылаушылары Қазақстанның парламенттік сайлауын бақылау жөніндегі миссияның ашылуы туралы баспасөз конференциясын өткізеді.

19.00-де Жастар театрында «Құдалар» комедиясы қойылады.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Сен маған керексің» трагикомедиясы қойылады.


Соңғы жаңалықтар