8 адам қаза тапқан көлік апатының видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 22 қыркүйекте Калининград-Черняховск-Нестеров тасжолында заңсыз маршрут таксиі мен Mercedes жол талғамайтын көлігі соқтығысып, апат салдарынан бірнеше адам мерт болды.

Алдын ала дерек бойынша, сегіз адам, соның ішінде бір әйел қаза тапқан.

Қаза тапқандардан бөлек, жарақат алғандар да бар - кем дегенде тоғыз адам зардап шеккен. Зардап шеккендердің екеуі үйлеріне қайтарылды.

Белгілі болғаны, екі көлік джиптің кесірінен соқтығысқан. Ол қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол талғамайтын көлікте екі жолаушы болған: жүргізушінің әйелі мен баласы. 10 жасар қыз да зардап шекті. 

Соңғы жаңалықтар