8,4 млн қазақстандық коронавирус вакцинасын толық алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 8 459 231 адам коронавирус вакцинасын толық салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда корнавирус вакцинасының I компоненттін 8 947 986 адам, II компоненттін 8 459 231 адам салдырды», делінген хабарламада.

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша 26 желтоқсандағы ақпаратқа сәйкес, Pfizer вакцинасының I-ші дозасын 288 049 адам, ІІ-ші дозасын 99 482 адам салдырды.

Оның ішінде:

І-ші компонентін 230 986 жасөспірім, 16 483 жүкті әйел, 40 562 бала емізетін әйел алды.

ІІ-ші компанентін 80 176 жасөспірім, 5 451 жүкті әйел, 13 853 562 бала емізетін әйел алды.



Соңғы жаңалықтар