8-10 мамыр аралығында Астанадағы Қарталы көшесі жабылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жөндеу жұмысына байланысты Қарталы көшесінде көлік қозғалысына тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Астанада Қарталы көшесінде орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр.

Осыған байланысты 8-10 мамыр аралығында Талапкер көшесінен Ақан сері көшесіне дейінгі учаскедегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршрутын алдын ала жоспарлағаны жөн.

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрайды және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар