77 қазақстандық коронавирустан көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерде тіркелген қайғылы жағдайларға қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 қыркүйектегі мәлімет бойынша елімізде 77 адам коронавирустан көз жұмған. Олардың ішінде 64 науқаста коронавирус белгілері болған, ал 13 адамда сиптомдары болмаған.

2020 жылдың 13 наурызынан бері елімізде 848 318 адам коронавирустың симптомды түрімен ауырған. Оның ішінде 10 491 пациент бақилық болды. Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері елімізде КВИ- 73 122 адам тіркелген. Оның 4700-і көз жұмған.


Соңғы жаңалықтар