752 оқушыдан коронавирус анықталды - Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 752 оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 1 ақпанындағы деректерге сәйкес, мектеп оқушылары арасында 752 коронавирус жағдайы тіркелді. Оның ішінде 56-сы кезекші сынып оқушылары, 596 жағдай қашықтан оқитын оқушылар арасында анықталды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің айтуынша, оқу жылы басталғаннан бері елордада 76 мектеп карантинге жабылған. Бүгінде коронавирустың оқушылар арасында шығуына байланысты 21 мектеп оқуды қашықтан өткізіп жатыр.

Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтар айының басынан бері елордада коронавирус инфекциясының 3 763 жағдайы тіркелді.


Соңғы жаңалықтар