75 азаматқа мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия табысталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы қаласында мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияны салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бұл жайында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, 2022 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны салтанатты түрде табыстау рәсіміне қатыстым. Мемлекеттік стипендия мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, шығармашыл тұлғаларға және жастарға еліміздің руханиятын қалыптастыруға, дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі. Биыл 75 азамат аталған марапатқа ие болды», - деп жазды Мемлекеттік кеңесші Іnstagram парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы 2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Оған сәйкес, мемлекеттік стипендия 31 әдебиет және 37 өнер қайраткеріне беріледі.

Соңғы жаңалықтар