744 мың қазақстандық мемлекет қолдауына ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламен Мәжілісінің Үкімет сағатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2011 жылдың 1 шілдесінен күні бүгінге дейін 744 мың тұрғынға мемлекеттік қолдау көрестіліп, олардың 563 мыңы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілгенін қуана жеткізген-ді. Министрдің пікірінше, биылғы жылдың өткен тоғыз айы ішінде 146 мың адам елімізде жүзеге асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шарапатын көрген.

Қарапайым тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағы­тын­дағы дәл осы бағдарламаның жүзеге асырылуы нәти­жесінде ортақ еңбек нарығының сан және сапалық негізгі көр­сеткіштері анағұрлым өскен. Сөйтіп, 2010 жылмен салыс­тыр­ғанда 2015 жылы тұрғындарды еңбекпен қамту көрсеткіші 6,3 пайызға артқан. Бір ерекшелігі, сол тұрғындарды нақты еңбек­пен қамту үшін жүзеге асырыла бастаған, осы бағдарлама жағ­дайында жалдамалы жұмыс­шылардың саны 16,6 пайызға дейін артқан. Есеп беру бары­сында министр атап көрсетке­ніндей, «Бизнестің жол карта­сы - 2020» бағдарламасының бір ерекшелігі, мұнда экономика ахуалының төмендеуі жағда­йында жұмыссыздықтың ар­туына жол бермеу үшін дағда­рысқа қарсы іс-шаралар жан-жақты қарастырылған. Айта кетерлігі, бағдарламада өзін өзі жұмыспен қамтыған және сондай-ақ, жұмыссыз жүр­ген тұрғындарды қайта оқыту, шағын несиелер беру және азаматтарды өз еріктерімен өзге аймақтарға көшіру. Сөйтіп, олар­дың өнімді әрі тиімді еңбекпен айналысуына жағдай жасап, еңбек өнімділігін ана­ғұрлым көтеру мәселесі де ба­рынша ескерілген. Жалпы мұн­дай іс-шаралар бағдарла­ма­ның бірінші және екінші бағытта­ры шеңбе­рінде өз шешімін табады. Десек те, еліміздiң тұрғындары «Биз­нестің жол картасы - 2020» бағдарла­масының қызығын көріп, әр аймақта жеке кәсіп­терін табысты дөңгелетуде. 

2800 қарағандылық шағын кредит алды
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы шағын несие алып, жаңадан жеке кәсіптерін ашып, қолға алған шаруаларын табысты жүргізіп отырған тұрғындар Қарағанды облысында жетерлік. Облыстық Кәсіпкерлер палата­сы­ның жетекшісі Мәдениет Божбанов бізге хабарлағанын­дай, қазіргі күні облыс аумағында 29 шағын кредиттік ұйым мен қоса, 12 кредиттік серіктестік жұмыс істейді. 
- Міне, осындай қаржы инс­титуттары арқылы биылғы жылы 2860 шағын несие жеке ша­руамен айналысуға ниет біл­дірген тұрғындарға берілді. Олардың арасында 2853 жеке тұлға және 7 заңды тұлға бар. Бір қуантарлығы, олардың ішінде үш заңды тұлға ауыл шаруашы­лығын дамытуды қолға алуда. Жалпы шағын және орта бизнес өкілдеріне облыс бойынша 4 миллиард теңге көлемінде ша­ғын несие берілді, - дейді Қара­ғанды облыстық Кәсіп­керлер палатасының басшысы Мәде­ниет Божбанов. 
Аймақтық Кәсіпкерлер палатасы жетекшісінің пікірін­ше, облыс бойынша жеке тұлға­ларға берілген несиелердің 60 пайыздан астамы, атап айтқанда 360 миллион теңге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Ал заңды тұлғаларға берілген 3,4 миллиард теңгенің 73,8 пайызы айналым­дағы қаржы қорын толтыруға, 26 пайызы жаңа құрылыс ны­сандарын салып, жұмыс жасап тұрған шағын өндіріс орында­рын қайта жарақтандыруға, ал қалған 21,4 миллион теңге жер­гілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын өркендетуге жұмсалды. «Қынжылтарлық бір жағдай, облыс орталығынан шалғайда орналасқан жергілікті жерлердегі кәсіпкерлерді шағын кредитпен қамтамасыз ету деңгейі әлі күнге төмен. Бұған кері әсер ететін басты нәрсе, қа­ғазбастылық. Мысалы, «Биз­нестің жол картасы - 2020» бағ­дарламасы бойынша несие алу­ға ниет білдірген кәсіпкер­­лер 13 құжат өткізуі қажет. Бұған қоса, олардың алдынан кепілге қою мәселесі де шығады. Ал бұл - сөз жоқ, кәсіпкердің уақытын алып, қолын байлайды. Айт­пасқа болмайтын тағы бір нәрсе, ол - жеке кәсібін жаңа ғана қолға алған жас кәсіпкерлер үшін шағын несие алу қиямет-қайым болып отыр. Өйткені, олар үшін белгіленген жылдық үстеме өте жоғары. Мысалы, жас кәсіпкерлер алған кредитін жы­лы­на 40 пайыздық үстемемен қайта­­­руы қажет. Әрине, бұған кім кім де тәуекелге бара бермейді» дейді Қарағанды облыстық Кәсіпкерлер палата­сының бас­шысы Мәдениет Божбанов. 
Бұл істе «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ау­мағында игілікті істерді жүзеге асырып, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына айрық­ша қолғабыс жасап келе жат­қанын айтқанымыз ләзім. Елімізде кәсіпкерлікті жүзеге асыру бағытында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген міндеттерді орындау бағытында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзі бас болып қолға алатын он қадамды ұсынған болатын. Ол қадам: 1. Шағын несие беру көлемін ұлғайту; 2. Тұрғындарды кәсіп­керлік негіздеріне жаппай оқы­ту; 3. Ауыл шаруашылығы коо­пе­рацияларын дамыту; 4.Ұзақ мерзімдік тапсырыстар есебінен бәсекелестікке қабілетті кәсіп­керлікті қолдау; 5. Шағын және орта кәсіпкерлікті экспортқа бағдарлау, бұл - экономиканы дамытудың басты қозғаушы күші; 6. Кәсіпкерлікті дамыту­дың аймақтық картасы индус­триялық және инвес­тициялық шешімдердің негізі; 7. «Үкімет кәсіпкерлік үшін» сервисін құру; 8. Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін қайта үйлестіру; 9. Қылмыстық және әкімшілік заңдалықтарды одан әрі оң­тайландыру; 10. Мемлекеттік және жергілікті атқару орган­дарының барлық құрылымдары мен еншілес құ­рылымдарын нарық қағи­дала­рының бұзы­луына байланысты ревизиялау. Бүгінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы дәл осы он қадам, яғни қағиданы берік ұстануда. 
Қазіргі уақытта «Атамекен» ҰКП шағын несие беру жүйе­сін жетілдіруді басты міндет ретінде алға қойып отыр. Сөйтіп, биыл ҰКП алғаш рет өзінің жеке шағын несиелік жобасын қолға алды. Бұл жоба жеке адамдардың инвестициялары мен жергілікті бюджет қаржысын тарту есе­бінен жүзеге асырылады. Дәл қазіргі күні бес облыс - Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай және Маңғыстауда осы жобаның алғашқы тұсаукесер шаралары жүзеге асырылуда. Алдағы жылы осы жобаға Қарағанды облысы да тартылмақ. 
Осылайша, тамаша баста­маны қолға алған «Атамекен» ҰКП Елбасының тапсырмасына сәйкес өзінің шағын несие беру жүйесі арқылы 2017 жылы 10 миллиард теңгені игеруге дайын екендігін мәлімдеп отыр. Өйт­кені, еліміз экономикасын да­мы­туға бағытталған мұндай батыл қадам Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген «Қазақстан - 2050» стратегия­сындағы міндеттерді жүзеге асырып ғана қоймай, әлемдегі дамыған һәм өркениетті 30 елдің қатарына қосылуымызға жар­қын жол ашады.

Жеке кәсібін ашқан азамат

Назарбек ЖҰМАЖАНОВ, 23 жастағы кәсіпкер, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы: 

- Мен 16 жасымда Қарағанды банк колледжінің Құқықтық әлеуметтік қамтамасыз ету бөліміне оқуға түстім. Оқи жүріп, еңбек етуіме тура келді. Бастапқыда қаладағы дүкеннің бірінде жүк түсіруші, одан соң сатушының көмекшісі болдым. Ерінбей еңбектенуімнiң нәтижесінде бөлім жетекшілігіне дейін көтерілдім. Бірақ жеке кәсіпкер болсам деген арманым маза бермеді. Ақыры өзім туып-өскен аудандағы кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсіпкерлік құжат алдым. Содан Қарқаралы қаласынан 60 шақырым жердегі Қарабұлақ аулынан шағын ғимаратты жалға алып, жекеменшік наубайханамды аштым. Сөйтіп, жерлестерімді күн сайын ыстық нанмен қамтамасыз етіп, олардың алғысын бөлене бастадым. Ал биыл Қарағанды облысы әкімінің жалпы құны 300 мың теңге грантына ие болдым. Грантпен бөлінген қаржыға нан пісіруге қажетті ұн мен сұйық май сатып алдым. Алғашында «жеке шаруаны алып жүре аламын ба, жоқ па?» деп жүрексінгенім рас. Сондықтан нан пісіру технологиясы туралы көптеген кітаптарды оқып, осындағы үлкен наубайханалармен тәжірибе алмастым. Осылайша, қол жеткен табысым арқылы үрейді жеңдім. Бастапқыда күн сайын 30 нан пісірдім. Ал қазіргі күні бүкіл Қарабұлақ ауылын нанмен қамтамасыз етіп отырмын. Мен алдағы уақытта Германияда болып, сол елдегі тәжірибелі наубауханашылардан нан және кондитерлік өнімдерді пісірудің қыр-сырын терең меңгерсем деп армандаймын. Өйткені, алдағы уақытта өзім туған ауылымда алуан түрлі кондитерлік өнімдер шығарып, тұрғындарды қуантсам деймін. Бәлкім, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес, облыс басшылығы қаржылай қолдау көрсетсе, бұл жоспарымда жүзеге асар деп ойлаймын. Менің білетінім, шағын кәсіпкерлікте бүгінгі қол жеткен биік - ертеңге өлшем емес!

 

Соңғы жаңалықтар