720 мың теңгені жеке кәсіпкердің шотына аударған мекеме басшысы сотталды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бұланды аудандық сотының үкімімен «Купчанов психикалық-неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» ҚММ басшысы А.М. Котиков 1 жылға бас бостандығынан айырылды», деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ЭҚСЖКД баспасөз қызметінен.

Қаржы полициясының мәліметі бойынша, 1969 жылы туған «Купчанов психикалық-неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» ҚММ басшысы А.М. Котиковқа қатысты ҚР ҚК 307 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданған болатын. Жақында осы іс бойынша сот процесі өтіп, Бұланды аудандық сотының үкімімен А.М. Котиков ҚР ҚК 307 бабының 2 бөлімі (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетсек, оның 2012 жылғы желтоқсанда өз қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, ҚММ-не нақты жеткізілмеген 180 дана ортопедиялық матрацтарға 720 мың теңгені жеке кәсіпкердің шотына аударғаны анықталған болатын.

Соңғы жаңалықтар