+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

700 маңғыстаулықтың 5 жұлдызды қонақүйде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар

2019 жылғы 4 желтоқсан 13:53
Бөлісіңіз:
700 маңғыстаулықтың 5 жұлдызды қонақүйде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 700 маңғыстаулықтың 5 жұлдызды қонақүйде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО тұрғыны қырғауыл өсіріп, аңшылық туризмді дамытпақ Жуалыдағы «Қараалма» тау-шаңғы базасы желтоқсан айында ашылады Елордада тағы екі жерде туристік полиция бекеттері жұмысын бастайды

Ақтаудан 20 шақырым қашықтықта теңіз жағалауында құрылысы басталған демалыс кешенінде кез келген жан қызмет етуге болады. Ол үшін алдымен қонақүй бизнесі бойынша 6 айлық арнайы курстан өтуі керек. Қойылған талап қандай?

Жалпы, 6 айлық курста 1200-ге жуық адам оқытылады деп жоспарланған. Қазір туризм колледжінде алғашқы сабақтар басталды. Нұр-Сұлтан қаласынан келген мұғалімдер қонақүй бизнесі бойынша теориялық негіздер бойынша үйретуде. Әрі қарай, қатысушылар сертификат алып, өңірден тәжірибеден өтеді.

Айта кетейік, жас мөлшеріне шектеу қойылмаған. Оқу нәтижесі бойынша әр кезеңдегі үздіктер анықталып отырады. Оның 200-і Түркияға тәжірибеге жіберіледі.

«Rixos қонақүйінде жұмыс істеуге ниетті кез келген тұрғын алдымен Rata.kz сайтына кіріп, тіркелу керек. Сол жерде өтінішін толтырып, содан соң сауалнамадан өтеді. Әрі қарай оқуды бастайды. Оқуды 6 этапқа бөлдік. Оның ішінде үздіктерін іріктеп отырамыз. 1200 адамның ішінен таңдалады. 4 секторға бөлінеді. Мысалы, бөлімдеріне қарай даяшылар, бармен, аспазшылар, тазалаушылар және ресепшон мамандары дайындалады», - дейді жоба координаторы Серік Исағалиев.

Ақтаудағы қонақүйде жұмыс істеуге ынталы білім алушылардың бірі - Еламан Айсаев. Туризм колледжінің студенті ресепшон маманы болмақ. Себебі, бұл бөлім қонақүйдің жүрегі, бет-бейнесі. Ол ағылшын тілін еркін меңгерген.

«Қонақүйге келген кез келген адам алдымен ресепшонға келеді. Қазір арнайы білімімді жетілдірудемін. «Рихос» 5 жұлдызды қонақүй болғандықтан, әрине жалақымыз да жоғары болады деп ойлаймын. Қонақтарды қалай қарсы алуыңнан бастап, шығарып салғаныңа дейін қонақүйдің дәрежесін білдіреді. Сондықтан біз бәрінен хабардар болуымыз керек»,- дейді студент Еламан Айсаев.

«Rixos» жобасы бойынша кадрларды дайындау жүзеге асуда. Еуразия университетінен келдік. Студенттер мен қатысушыларды дайындаудамыз. Қонақүй бизнесі бойынша, ресторан, қызмет көрсету, тревел туризм, ұшақтағы, кемедегі, автобустағы қызмет көрсету саласына үйретіп жатырмыз», - дейді лектор Дидар Қаратаев.

Айта кетейік, аталған қонақ үй маусым айында ашылады деп жоспарланған. Мұнда 500 нөмірлі бөлмеден бөлек, кешен аумағында 15 вилла, аквапарк, бассейн, 4 мейрамхана болады. Бір ауысымда 1 мың қонақты қабылдауға мүмкіндігі бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT