70 жастағы таксист апай өз таңдауын жасады

None
фото: Өңірлік коммуникация орталығынан
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына «таксист Гүлшара апай» деген атпен танымал көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері Гүлшара Жолдасбаева Шетпе ауылындағы №166 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 20 жылдан астам уақыт көлік жүргізіп, «Ақтау-Шетпе» бағытында жолаушы тасымалдап жүр.

Еліміздің әрбір азаматы бұл саяси шараға қатысып, өз дауысын беруді мәртебелі іс деп қабылдауы керек. Себебі сайлауға қатысып, дауыс беру арқылы кемел келешегі мен жарқын болашағын айқындайды. Маңызды күнде өз дауысын беруге келген Гүлшара анамыздың пікірі осыған саяды.

«Бұл сайлаудың маңызы зор. Себебі тұрғындар әр аумақтың болашағы үшін жұмыс жасайтын билік пен халықтың арасындағы көпір — депутаттарға дауыс беріп, өз таңдауын жасайды. Көпшіліктің дауысымен сайланған депутат ауданымызды, елімізді көркейтіп, гүлдендіру үшін күш-жігерін жұмсайды деп сенім білдіремін», – дейді Г.Жолдасбекова.

Өмірге еш өкпелемей, еңбек етуді қолдайтын Гүлшара апай бұған дейін ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген болатын.


Соңғы жаңалықтар