+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

70 мектептің құрылысына жететін ақша ұрланды

2017 жылғы 3 тамыз 16:40
Бөлісіңіз:
70 мектептің құрылысына жететін ақша ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметі жарты жылда атқарған жұмысы бойынша есеп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы алты айдың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 48 іс қозғалды. Соның 29-ы сотқа жіберілді. Жалпы, Экономикалық тергеулер қызметінің үлесінде шамамен 1,5 мың ауыр және аса ауыр қылмыстық іс болды. Аталған істердің 67 пайызы аяқталды.

«Сол аяқталған істер бойынша мемлекетке келген шығын 151,5 млрд теңгені құрады. Аталған қаржының бәрі әлеуметтік бағдарламаларға арналған болатын. Ол ақшаға шамамен 70 мектепті немесе 80 балабақшаны тұрғызуға, немесе 40 ауруxананы салып, оны толығымен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге болатын еді», - дейді профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының бастығы Арман Есембаев.

Оның айтуынша, бүгінде 48 млрд теңге қайтарылды. Оған қоса, 24,2 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT