7 жылда ауылда тұратын 7 млн тұрғынның өмір сүру сапасы жақсарады – Роман Скляр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат 7 жылда ауылда тұратын 7 млн тұрғынның өмір сүру сапасы жақсарады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүргізіліп жатқан инфрақұрылымды жаңғырту ауыл экономикасын дамытуға жаңа серпін береді. Осыған байланысты облыс әкімдіктері даму әлеуеті бар әрбір ауыл экономикасын дамыту жоспарын әзірлеп қабылдау қажет. Жоспар бірінші кезекте ауылда инвестициялар мен қажетті кадрларды тарту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі іс-шараларды қамтуы тиіс. Әрбір ауыл әкімінің ауылды одан әрі дамытудың нақты пайым, көзқарасы болуы қажет», - деді Роман Скляр.

Оның атап өтуінше, ұсынылған шараларды тиімді іске асыру үшін, республикалық жол картасының жобасы әзірленді. Осындай карта әрбір облыста әзірленуі тиіс.

«Біз әкімдіктермен бірлесіп, тірек және спутниктік ауылдарды жылдар бойынша 2027 жылға дейін дамыту кестесін қалыптастыруымыз қажет. «Ауыл – Ел бесігі» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында әрбір ауылды қаржыландыру көлемі мен көздерін анықтау қажет. Ауыл экономикасын дамыту картасын әзірлеп, тиісті жобалық құжаттаманы дайындау керек«, - деді ол.

Вице-премьердің дерегінше, жобаны іске асыру 7 жыл ішінде 7 млн ауыл тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 7 мың шақырымнан астам кентішілік көшелер салынып, жөндеуден өткізіледі.

»Барлық ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Әлеуметтік нысандарды жаңғырту бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Жалпы, барлық шаралар кешені ауылдарды одан әрі серпінді дамытуды қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде ел экономикасына оң әсерін тигізеді«, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар