7 жылда Астананың Алматы ауданында апатты жағдайдағы 82 үй сүрілді - әкім

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2013-2020 жылдар аралығында апатты жағдайда тұрған 82 үй сүрілді. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2013-2020 жылдар аралығында апатты жағдайда тұрған 82 үй сүрілді. 6 мың тұрғынды өзге жерлерге қоныстандырдық. Былтыр тек бір үй сүрілді», - деді М.Саматұлы.

Әкімнің айтуынша, биыл Алматы ауданында апатты деп танылған екі үй сүріледі. Тағы 12 үйдің қауіптілігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қоса, ол аудандағы нысандарды газбен қамту шараларына тоқталды.

«Газдандыру жұмыстарының алғашқы жылында, яғни 2021 жылы Алматы ауданында газға 1,5 мыңан астам жеке үй қосылды. Ағымдағы жылы барлық абонеттер газбен қамтамасыз етіледі. Олардың ішінде 4 300 үй газға қосылған бүгінгі күні. Сонымен қатар, 2 300-ден астам шағын және орта бизнес объектілері мен 4 әлеуметтік нысан газға қосылды», - деп түйіндеді Астана қаласы Алматы ауданының әкімі.

Қоса кетсек, брифингі барысында Мақсат Саматұлы биыл аудан аумағында 10 қоғамдық кеңістікке абаттандыру жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеген еді. Бұған қоса, жыл соңына дейін көшелерді жарықтандыру мақсатында 1,5 мыңға жуық жарықдиодты шамдар ауысырылмақ.


Соңғы жаңалықтар