7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Қазгидромет» РМК 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, аязды жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек республиканың батыс аудандарында фронтальді бөліктердің орналасқан аймағында, мұнда кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ болып, оңтүстікте, шығыста және орталықта жел сақталады.

Республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, жел  15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, жекелеген ауданында желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жекелеген ауданында жел 15-20 м/с дейін соғады.

Соңғы жаңалықтар