7 желтоқсан. Туған күн иелері

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 7 желтоқсанға арналған «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

8 1 жыл бұрын (1941) ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынұлы ЖҰРЫНОВдүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында туған. Қазақ химия-технологиялық институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы болып қызмет атқарды (1970-1982). 1982 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры. 1985 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры.1991 жылдан Қ.А.Яссауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің ректоры. 1997-2001 жылдары Қ.А.Ясcауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті. 2001 жылы Білім және ғылым министрлігінің «Органикалық катализ және электрохимия» институтының директоры қызметіне ауысты.

Химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1989), «Парасат» (2005 ж.), «Барыс» (2011 ж.) ордендерімен және мемлекеттік медальдармен марапатталған.

Оңтүстік Қазақстан облысының, АҚШ-тың Кентукки штатының, сондай-ақ Арыс, Түркістан, Кентау және т.б. қалалардың құрметті азаматы.

73 жыл бұрын (1949) мемлекет қайраткері, ҚР Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Ләззат Кетебайұлы ҚИЫНОВ дүниеге келді.

Маңғыстау облысы Таушық ауылында туған. 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, тау-кен инженері. Техника ғылымының докторы (1994).

1977-1979 жылдары партияның Маңғышылақ облыстық комитетінде өнеркәсіп-көліктік бөлімінде инструктор болып жұмыс істеді.1979 жылы «Мангышлакнефтепромхим» аумақтық-өндірістік басқармасында бас инженер болып жұмыс істеді. 1982 жылы Қаражанбас қабаттардың мұнай қайтарымын арттыру және ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша басқарманың басшысы және «Каражанбастермнефть» мұнай қазба басқармасының басшысы қызметін атқарды. 1987 жылы «Комсомольскнефть» мұнай қазба басқармасының басшысы қызметін атқарды. 1992 жылы «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігінің бас директоры болып жұмыс істеді. 1993-1995 жылдары Маңғыстау облысы әкімшілігінің басшысы болды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары болды. 1997 жылы Каспий құбыры консорциумында Бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 1999-2002 жылдарында – Маңғыстау облысының әкімі. 2002 жылы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ президенті. 2003 -2011 жылдары – Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар вице министрі. 2011-2013 жылдары – «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы. 2013-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

«Парасат», «Отан» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

51 жыл бұрын (1971) VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Магеррам Мамедович МАГЕРРАМОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған.2009 жылы академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1992 – 1993 жылдары – «Тахмина» ШЖК экспедитор. 1993 – 1994 жылдары – «Трабзон» ШЖК директоры. 1995 – 2000 жылдары – жеке кәсіпкер. 2000 – 2001 жылдары – «Зарина» шаруа қожалығының директоры. 2001– 2004 жылдары – ҚКП ОК мүшесі, Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 2004 – 2012 жылдары – ҚХКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХКП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 2012 – 2015 жылдары – ҚХКП ОК Ұйымдастыру-партия және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, ҚХКП ОК Саяси бюросының мүшесі. 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін – ҚХКП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы, ҚХКП ОК Саяси бюросының мүшесі.


Соңғы жаңалықтар