7 желтоқсан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 7 желтоқсанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1941) ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынұлы ЖҰРЫНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында туған. Қазақ химия-технологиялық институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы болып қызмет атқарды (1970-1982). 1982 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры. 1985 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры.

1991 жылдан Қ.А.Яссауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің ректоры.

1997-2001 жылдары Қ.А.Ясcауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті.

2001 жылы Білім және ғылым министрлігінің «Органикалық катализ және электрохимия» институтының директоры қызметіне ауысты.

Химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1989), «Парасат» (2005 ж.), «Барыс» (2011 ж.) ордендерімен және мемлекеттік медальдармен марапатталған.

Ол - Оңтүстік Қазақстан облысының, АҚШ-тың Кентукки штатының, сондай-ақ Арыс, Түркістан, Кентау және т.б. қалалардың құрметті азаматы.

72 жыл бұрын (1949) мемлекет қайраткері, ҚР Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Ләззат Кетебайұлы ҚИЫНОВ дүниеге келді.

Маңғыстау облысы Таушық ауылында туған.

1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, тау-кен инженері.

Техника ғылымының докторы (1994).

Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Батыс Қазақстан кен орындары жағдайында мұнай өндірудің энергия сақтаушы технологиясы». Халықаралық академияның академигі.

1977-1979 жылдары партияның Маңғышылақ облыстық комитетінде өнеркәсіп-көліктік бөлімінде инструктор болып жұмыс істеді.

1979 жылы «Мангышлакнефтепромхим» аумақтық-өндірістік басқармасында бас инженер болып жұмыс істеді.

1982 жылы Қаражанбас қабаттардың мұнай қайтарымын арттыру және ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша басқарманың басшысы және «Каражанбастермнефть» мұнай қазба басқармасының басшысы қызметін атқарды.

1987 жылы «Комсомольскнефть» мұнай қазба басқармасының басшысы қызметін атқарды.

1992 жылы «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігінің бас директоры болып жұмыс істеді. 1993-1995 жылдары Маңғыстау облысы әкімшілігінің басшысы болды.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары болды. 1997 жылы Каспий құбыры консорциумында Бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

1999-2002 жылдарында Маңғыстау облысының әкімі. 2002 жылы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Президенті.

2003 жылдың наурыз айынан 2011 жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар вице министрі болып жұмыс істеді.

2011-2013 жылдары «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болды.

2013 - 2017 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

«Парасат», «Отан» ордендерімен және медальдармен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар