Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51

7 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2018 жылғы 7 желтоқсан 07:00
Поделиться:

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 7 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

7 желтоқсан, ЖҰМА

Халықаралық азаматтық авиация күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Чикаго қаласында өткен (АҚШ) конференцияға мүше - 52 мемлекет өкілдерінің Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қол қойған күнінен бастап атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1963 жылы Жамбыл қаласында халық ақыны Жамбыл Жабаевқа қола ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторы - Қазақстанның халық суретшісі, мүсінші Х.Наурызбаев.

2010 жылы ҚР Тәуелсіздік күні мен Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған «Әлем жастары Қазақстан туралы» жаңа деректі фильмі түсірілді. Оның мақсаты - шетелдегі жастардың біздің еліміз және Қазақстан Президентінің қызметі туралы қаншалықты хабардар екенін білу. Фильмге түрлі елдердің жастар өкілдері қатысты.

2011 жылы Әбілқайыр ханның  жерленген орны табылды. «Хан моласы» қорымы көптеген жылдан бері зерттеліп келеді. Көптеген қорымдардың ішінде №178 және №92 нысандары таңдап алынды. ҚР БҒМ Жалпы генетика және цитология институты жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша, ДНК сарап­тамасы 99,355% көрсеткен.

2012 жылы Алматы қаласында батыр, қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат еткен Райымбек батырға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты болды. Ескерткіш А.С.Пушкин көшесімен қиылысатын Райымбек даңғылының бойына орнатылған.

Ескерткіш авторы - Едіге Рахмадиев, дизайнын жасаған - Игорь Поляков, архитекторы - Владимир Немчиков.

2015 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған және «Астана» халықаралық қаржы орталығының мәртебесі мен жұмыс істеу параметрін анықтайтын «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық Заңына қол қойды.

2016 жылы Атырау қаласында Қашаған жобасының ресми ашылуы болды.

Қашаған - Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі бірінші теңіз мұнай-газ кен орны, сондай-ақ еліміздегі ең ірі халықаралық инвестициялық жоба.

2016 жылы Қырғызстан астанасы Бішкекте Қазақстан құзға шығу командасы Орталық Азия жастар чемпионатында 6 алтын, 3 күміс және бір қола жүлдеге ие болды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан қатысты.

2017 жылы Үндістанның Керала қаласында пауэрлифтингтен Азия чемпионатына алғаш рет қатысқан жас спортшы көкшетаулық Диас Шәкерхан 56 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені қанжығалады.

2017 жылы Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мұраны қорғау Үкіметаралық комитетінің 12-сессиясында Қазақстанның «Қазақ дәстүрлі асық ойыны» өтінімі адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілді. Асық ойыны адамның ой өрісінің  және дене бітімінің дамуына ықпал етеді, әрі ұлтына қарамастан өскелең ұрпақ өзара арасында жақындасуға жол ашады. Балалық шақ символы ретінде асық ойыны Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда, сондай-ақ бірлік пен ұлттық сана сезімін дамытуда  маңызды рөл атқарады. 

2017 жылы Павлодарда Қазақстандағы тұңғыш Еріктілер үйі ашылды. Ғимаратта өткен ғасырдың басында балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы, Аким Некрасов тұрған. Қазіргі күні Еріктілер үйіне тоғыз ұйым орналасты. Олардың қатарында «VITO», «Павлодар еріктілер клубы» мен «Қызыл жарты ай» бар.

2017 жылы белгілі спортшы, 2016 жылы өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Ғабидуллина 50 метр қашықтыққа еркін стильде жүзу бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, Халықаралық Паралимпиада комитеті Зульфияға 2017 жылғы Бүкіләлемдік жеңістер сериясы үшін арнайы награда табыстады.

2017 жылы Түркістанда «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуы өтті. Жиында Түркі әлемінің 2018 жылғы мәдени астанасы ретінде Түркияның Кастамону қаласына эстафетаны тапсырды.

Бөлісіңіз:
MURAǴAT