7 желтоқсан елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 7 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламент Мәжілісінде жалпы отырыс өтеді.

10.00-де «Думан» қонақ үйінде ауыл жастарының IV форумы өтеді.

10.00-де«Даму» қоры бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау алған Астанадағы кәсіпкерлік нысандары бойынша баспасөз турын өткізеді.

11.00-деAvenue бизнес орталығында Астанадағы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі мүшелері мен салалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

11.00-де «Самұрық-Қазына» алаңында халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында қордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жұмысы туралы баспасөз брифингі өтеді.

13.00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнирдің жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтеді.

14.00-де «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы EXPO Конгресс орталығында «Алтын Сапа», «Лучший товар Казахстана», «Парыз», «Іскер», «Ұлы дала елі», «Qazaqstan Project Management Awards» және бизнеске арналған басқа сыйлықтардың жеңімпаздарын марапаттау салтанатын өткізеді.

16.00-деҚР Ұлттық музейінде белгілі суретші-реставратор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қырым Алтынбековтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Қырым аралының құпиялары» атты көрме және дөңгелек үстел өтеді.

19.00-деҚ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Қызыл алма» лирикалық комедиясы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар