7 жасар қызды зорлықшылдан құтқарып қалған Ұлттық ұлан жауынгеріне құрмет көрсетілді - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов Астанада ҚР Ұлттық ұланы қатарында қызмет атқарған кезінде қауіпті қылмыскерлерді құрықтағандардың бірі Қайырболат Закариевты қабылдап, құрмет көрсетті.
Аудан басшысы әскери борышын абыройлы өтеп, ауылға оралған сарбазға және осындай ұл тәрбиелеген анасы Қымбат Мұхамбетоваға игі лебізін білдіріп, Қайырболаттың өз парызын адал орындағаны барша жастарға үлгі екендігін атап көрсетті. Ол Қ.Закариевке алғысхат және естелік сыйлық табыс етті.
Айта кетейік, оқиға өткен қазан айы күндерінің бірінде болған еді. Қайырболат пен оның жолдасы Виталий Шпакуров бос уақыттарынан соң бөлімге келе жатып, жолды қысқарту үшін бір тасалау жерлердегі автогараждар маңынан өткенде, екі күмәнді адамды байқайды. Олардың шүбәлануы дұрыс болып шықты. Әлгі екеуі 7 жасар қызға зәбір көрсетпекші болған. Біреуін ұландықтар тап сол жерде тырп еткізбей ұстайды, қашып құтылмақшы болған екіншісін көмекке жеткен полиция қызметкерлері тұзақтайды.
Осындай қырағылығы үшін Қайырболат пен Виталий «Ұлттық ұлан қызметінің үздіктері» белгісімен және басшылықтың алғысымен көтермеленді. Ал қыздың ата-анасы бұл жігіттерді қонаққа шақырып, әрқайсысына қол сағатын сыйлады.
Қ.Закариев - Ақжайық ауданындағы Ақжол ауылдық округінің түлегі. Ол Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Елордада өткен әскери шеруге қатысты.
- Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 2087 адамнан анықталды
- Атырау облысының әкімі жарақат алған полицейлердің халін біліп қайтты
- Алматыда жалдамалы пәтерден цифрлық техника мен әскери амуниция табылды
- Павлодар облысында ұстаздар қашықтан жұмыс форматына көшірілді
-
ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштер қолбасшылығы мәлімдеме жасады
-
Алматыда балабақшалар жұмыс істей ма
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




