7 жасар бала тауда жоғалған түні көз жұмған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2 апта бұрын тауда адасып кеткен Ернұр Сәдуақас сол күні түнде көз жұмған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев хабарлады.

«Медициналық сараптаманың ресми қорытындысына сәйкес Ернұр Сәдуақас жоғалған күні түнде қайтыс болған. Таулы аймақ  болғандықтан жаңбыр жауып, күн  салқындаған. Балаға 14-нен 15-ші шілдеге қараған түні суық тиіп, көз жұмған. Құтқарушылар мәйіт жатқан аумақты бір емес бірнеше рет тінтіген. Алайда адам бойымен бірдей итмұрынның қалың бұталары арасына кіру мүмкін болмаған»,-деді Сергей Незнаев.

Еске сала кетсек, 14 шілде күні жоғалған Ернұр Сәдуақастың денесі  Жамбыл ауданы Ынтымақ ауылынан 8 шақырым қашықтықтағы тау баурайынан табылған еді.

 

Соңғы жаңалықтар